«Nur Otan» партиясы 18 мыңдай отбасыға көмек көрсетті

/image/2020/03/30/crop-128_85_682x1024_92528bc1-2fcf-4278-9a46-93db3b820706.jpg

Бқл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда.

Бүгінгі күні 18 мыңдай отбасыға, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және басқаларына көмек көрсетілді.

Мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарларды байланыссыз жеткізіп беруді тоқтатпау үшін елорда мен Алматыда волонтерларымызды биологиялық қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етудеміз. Мұндай қорғаныс құралдары басқа қалалардағы волонтерларда да болуы тиіс" делінген жазбада.

f

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Nur Otan» осыған дейін партиялық бақылау комиссиясы мен аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейткен еді.

«Nur Otan» партиясы мұның азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ, БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғаларға қатысты айтылып отырғанын түсіндірді.

Баспасөз-қызметінің мәліметінше, азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беру үшін бұдан бөлек Call-орталық пен «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауларындағы онлайн-жүйелердің жұмысы күшейтілді.

Call-орталық: 8 800 080 44 41
Электронды пошта: komek@nurotan.kz
WhatsApp: 8 700 800 44 41
FB: https://www.facebook.com/profile.php?id=100034706720426
Instagram: https://www.instagram.com/halykkakomek/

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясының аясында Елбасының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коронавируспен күрес кезінде қолдау көрсетуді жалғастыруда. ⠀ Бүгінгі күні 18 мыңдай отбасыға, оның ішінде жалғыз басты қарттарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және басқаларына көмек көрсетілді. ⠀ Мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажет тауарларды байланыссыз жеткізіп беруді тоқтатпау үшін елорда мен Алматыда волонтерларымызды биологиялық қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етудеміз. Мұндай қорғаныс құралдары басқа қалалардағы волонтерларда да болуы тиіс. ⠀ *** ⠀ По поручению Елбасы в рамках инициированной Главой государства акции «Біз біргеміз!» партия «Nur Otan» продолжает оказывать поддержку социально уязвимым слоям населения в период борьбы с коронавирусом. ⠀ На сегодня помощь оказана почти 18 тысячам семей, в том числе одиноким пожилым людям, гражданам с особыми потребностями и др. ⠀ Чтобы не останавливать бесконтактную доставку товаров первой необходимости нуждающимся, обеспечиваем наших волонтеров в столице и Алматы защитными биологическими костюмами. Аналогичные средства защиты должны быть и у волонтеров в других городах. ⠀ #BizBirgemiz #МыВместе #NurOtan

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар